«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Astana Solar» ЖШС, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС және «KazSilicon» МК» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 75-100% қатысу үлесі пакетін сататынын хабарлайды.
Конкурстық құжаттама мен ашық екі кезеңдік конкурстың хабарламасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның (www.kazatomprom.kz) веб-порталында орналастырылған. Осы көрсетілген серіктестіктердің жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесі үшін сұралатын бастапқы баға он сегіз миллиард екі жүз жетпіс жеті миллион жиырма тоғыз мың теңгені құрайды.
Конкурс «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік ретінде тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген активтерін сату және қайта құрылымдаудың бірыңғай Ережелері мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерін сату жөніндегі Комиссия бекіткен конкурстық құжаттамаларға сәйкес жүргізіледі.
Ашық екі кезеңдік конкурс 2018 жылғы 12 наурызда басталып, 28 наурыз күні Астана уақытымен сағат 15.00-де аяқталады.
Активті сатып алған инвестор мәміленің белгіленген шарттарын орындау жапуапкершілігін өз мойнына алады. Сатып алушы қызметкерлердің штаттағы санын, қызмет профилін сақтауды және кәсіпорындардың әрекеттегі шарттарын орындауға міндеттенеді.
«Astana Solar» ЖШС – жылдық өндірістік қуаты 50 МВт-тан 100 МВт-қа дейін ұлғайту мүмкіндігіне ие фотоэлектрлі модульдер шығаратын қазіргі заманғы зауыт.
«Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС – мультикристалды кремний пластиналарын (156х156 мм, р-үлгі) және жобалық қуаты жылына 60 МВт-қа ие ПҚК 16%-дан кем болмаған фотоэлектрлі ұяшықтар өндіретін зауыт.
«KazSilicon» МК» ЖШС – жобалық қуаты жылына 10 000 тонна өнім өндіруге және жобалық қуаты жылына 3 200 тонналық металлургиялық кремний өндірісіне ие, қуатталған қоры 1,74 млн тонна желілік кварцқа тең Сарыкөл кен орны.
Еншілес және тәуелді кәсіпорындарды сату Бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясында бизнесті оңтайландыру мақсатында бейінді емес активтерден арылу және компания қызметін тікелей атом саласына бағыттау жолымен жүзеге асырылуда.