Орталық ӨК ЖШС Омбудсмен туралы Ереже
Омбудсменнің құзыреті шеңберіндегі оның міндеттері болып табылатындар:
- Серіктестіктің лауазымды тұлғаларының және жұмыскерлерінің іскерлік этика кодексін сақтауын және қажет болған жағдайда оның ережелерін түсіндіруді қамтамасыз ету;
- лауазымды тұлғаларға, жұмыскерлерге және жалпы Серіктестікке түйткілді әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге қолдау көрсету;
- жұмыскерлерге, еңбек даулары мен жанжалдарға қатысушыларға кеңес беру және қажет болған жағдайда заңнаманы сақтауды қоса алғанда, құпиялылықты ескере отырып, өзара тиімді, сындарлы және іске асырылатын шешімді әзірлеуге жәрдемдесу;
- Серіктестіктің жұмыскерлері арасындағы ұжымдық дауларды, еңбек дауларын, Серіктестіктің атқарушы органы мен жұмыскерлері арасындағы жеке еңбек дауларын шешуге қатысу;
- Серіктестік жұмыскерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
«ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС Омбудсмені – Ешманов Бауыржан
Электронды почта: Byeshmanovdportalyk.kazatomprom.kz
Ішкі номер: 45027
(барлық өтініштер құпия түрде сақталады)