Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері және корпоративтік жаңартулар

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2021 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша 10 сағат 30 минутта (GMT+6) жүргізілген акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – «АКТЖЖ») отырысының күн тәртібіне енгізілген әрбір түйінді мәселе бойынша сырттай дауыс беру нәтижелерін жариялады.

АКТЖЖ өткізу кезінде орналастырылған акциялардың жалпы саны 259 356 608 болды. 2021 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша акционерлердің тізіміне, сондай-ақ акционерлер иеленген номиналды ұстаудағы акциялардың меншік иелері туралы мәліметтерге сәйкес Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы саны 222 725 798 дана болды. АКТЖЖ-да акционерлер мен олардың уәкілетті өкілдері дауыс берді, олар жиынтығында 221 091 957 жай акцияны иеленді, бұл Компанияның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 99,26% - ына тең.

АКТЖЖ отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша акционерлердің дауыс беруі өткізіліп, шешімдер қабылданды.

Шешім

Келісті

%

Қарсы

%

Қалыс қалды

%

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы

220 634 566

99,80%

116 100

0,05%

341 291

0,15%

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы

АКТЖЖ шешімімен келесі тұлғалар Компанияның ірі акционер «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерін білдіретін өкілдері ретінде, Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі кезеңге Қазатомөнеркәсіп Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері болып сайланды:

Ақшолақов Болат Оралұлы

Болат Ақшолақовтың «Самұрық-Қазына» АҚ жүйесінде 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Әр жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президенті, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі және «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры қызметінде жұмыс атқарған. 2021 жылғы сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.

Нұрбаева Нәзира Нұртөлеуқызы

Нәзира Нұрбаеваның салық саласында және «Big4» компанияларында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Сондай-ақ мұнай-газ, мұнай сервисі, тау-кен өндіру және басқа да салаларда халықаралық және қазақстандық ірі компаниялармен жұмыс тәжірибесіне ие. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.

Жанәділ Ернар Бейсенұлы

Ернар Жанәділдің «Самұрық-Қазына» АҚ жүйесінде 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Осыған дейін PricewaterhouseCoopers халықаралық аудиторлық фирмасында жұмыс істеді. CMA, IPMA, ACCA қоса алғанда, әр түрлі халықаралық кәсіби сертификаттарға ие. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.

Компанияның Директорлар Кеңесі құрамының жоғарыда көрсетілген өзгерістеріне байланысты Директорлар Кеңесі жанындағы комитеттердің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселені 2021 жылғы 24 маусымда Директорлар кеңесі отырысында қарастыру күтілуде.

Директорлар кеңесінің жаңа және қазіргі мүшелерінің толық өмірбаяны, сондай-ақ Директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің жаңартылған құрамы Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында www.kazatomprom.kz қол жетімді.

Мемлекеттердің пайдасына жасалған төлемдері бойынша есептің жариялануа туралы

2014 жылғы мемлекеттердің пайдасына төленген төлемдер бойынша есептер туралы Ұлыбританияның ережелері мен 2015 жылғы желтоқсанда енгізілген өзгерістерге сәйкес және оның еншілес кәсіпорындары мемлекеттерге 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде қажетті есептік ақпаратты ұсынатыны туралы хабарлайды.

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz  интернет-ресурсында қолжетімді, әрі Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында, сонымен қатар Қазақстан қор биржасында жарияланған.

Активтерді қайта құрылымдау жайлы жаңартулар

Қазатомөнеркәсіп күн энергиясы саласындағы өзінің бейінді емес активтерін (KazPV жобасы, соның ішінде «Astana Solar» ЖШС, «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС және «KazSilicon» металлургиялық комбинаты» ЖШС) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде сатуды жалғастыруда.

«Astana Solar» ЖШС

2021 жылғы 12 ақпандағы және 12 наурыздағы аукцион  қатысушылар санының жеткіліксіз болуы себебінен өткізілмеді деп танылды: электрондық аукцион басталған сәтте екіден кем қатысушы тіркелді (Компанияның 2021 жылғы 05 наурыздағы Пресс-релизі). Осы себепті 2021 жылдың 29 маусым күні минималды баға бекітілмеген, бағаны төмендету аукционын өткізіледі. Жария саудаға «Astana Solar» ЖШС-тің жарғылық капиталдарындағы Қазатомөнеркәсіптің 100% қатысу үлесі шығарылды.

Аукционға қатысу үшін әлеуетті сатып алушылар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында e-auction.gosreestr.kz/ тіркелу рәсімінен өтуі тиіс.

«Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС

2021 жылы 15 сәуірде мемлекеттік мүлік тізілімінің e-auction.gosreestr.kz/ веб-порталында «Kazakhstan Solar Silicon» ЖШС-дегі Қазатомөнеркәсіптің 100% үлесін сату бойынша аукцион өткізілді. Аукцион Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңына және Мемлекеттік мүлік тізілімінің ережелеріне сәйкес өткізілді.

Сатып алушы анықталып, алайда қазіргі уақытта мәміле аяқталған жоқ, сатып алушының төлем жасауы және активті қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюы күтілуде.

«KazSilicon» металлургиялық комбинаты» ЖШС

2021 жылғы 12 ақпандағы және 12 наурыздағы аукцион  қатысушылар санының жеткіліксіз болуы себебінен өткізілмеді деп танылды: электрондық аукцион басталған сәтте екіден кем қатысушы тіркелді (Компанияның 2021 жылғы 05 наурыздағы баспасөз-релизі). «KazSilicon МК» ЖШС одан әрі сату жүзеге асырылу барысы туралы қосымша хабарланатын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының мәселелері бойынша

Майра Тнымбергенова, Корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 81 63

Email: mtnymbergenovaatkazatomprom.kz

Аукционға қатысу мәселелері бойынша

Данияр Арстанов, Активтерді басқару департаментінің бас менеджері

Тел: +7 7172 45 38 88 (10162)

Email: darstanovatkazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.