Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Компания» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ), орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қ. Сығанақ көшесі, 17/12 құрылыс, осы арқылы өз акционерлеріне ««Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі бастамасы бойынша (2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 11/21 хаттама) шақырылған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – «Жиналыс») 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - «Акционерлік қоғамдар туралы» заң) 35-41, 43-47, 49-52-баптарына сәйкес сырттай өтетіні туралы хабарлайды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі

1. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы.

Ғалымжан Олжаұлы Пірматовтың «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы ретінде өкілеттіктерінің тоқтатылуына және Мәжіт Бейсембайұлы Шәріповтың «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалуына байланысты Ғ.О. Пірматовтың «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде өкілеттіктерін оның өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтату және М.Б.Шәріповты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы құрамының өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі ретінде сайлау мәселесі акционерлердің жалпы жиналысының қарауына енгізіліп жатыр.

Бюллетеньдерді берудің басталатын күн - 2021 жылғы 01 қараша.

Бюллетеньдерді қабылдаудың аяқталар күні - 2021 жылғы 09 қараша, 18 сағат 00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).

Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні - 2021 жылғы 10 қараша, 18 сағат 00 минутқа дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).

Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні мен уақыты - 2021 жылғы 01 қазан, 00 сағат 00 минут (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша).

Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы, Z05t1x3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 17/12 құрылыс, 18-қабат, 11-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ғимаратында, жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) дайын болады және қолжетімді болады. Компания акционерінің сұрау салуы болған кезде Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар осы акционерге сұрау салу алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберілетін болады, бұл ретте құжаттардың көшірмелерін дайындау және оларды жеткізу шығыстарын акционер көтереді. Акционерлердің сауалдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Компанияның нақты мекенжайы бойынша қабылданады.

Алдағы жиналыс туралы хабарлама, сондай-ақ сырттай дауыс беруге арналған бюллетень «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға және Қоғамның жарғысына сәйкес Қоғамның интернет-ресурсында қолжетімді болады.

Осы арқылы акционерлерге жиналысты өткізудің мынадай тәртібімен танысуды ұсынамыз:

* Сырттай дауыс беру үшін бюллетень жіберу арқылы дауыс беретін акционерлер тегін, атын, әкесінің атын/заңды тұлғаның атауын, дауыс беретін акциялардың санын көрсетуі және дауыс беру нұсқаларының бірін таңдауы тиіс.

* Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге жеке тұлға – акционер (жеке тұлға – акционердің өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді (жеке куәлігінің/төлқұжатының нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган және жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)) көрсете отырып, қол қоюы тиіс. Акционер сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуы тиіс.

* Заңды тұлға – акционердің сырттай дауыс беруіне арналған бюллетеньге оның басшысы (заңды тұлға – акционердің өкілі) қол қоюға тиіс.

* Жеке тұлға – акционердің немесе заңды тұлға – акционер басшысының немесе жеке тұлға – акционер өкілінің немесе заңды тұлға – акционер өкілінің қолы қойылмаған бюллетень жарамсыз болып саналады.

* Бюллетеньде дауыс беру нұсқаларының тек біреуі ғана белгіленуі тиіс.

* Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да алуы немесе Қазақстан Республикасы, Z05T1X3, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 17/12 құрылыс мекенжайы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кеңсесіне 2021 жылғы 09 қараша 18 сағат 00 минутқа дейін қолма-қол беруі тиіс.

* Акционердің өкілі сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттілігін растайтын сенімхаттың немесе өзге құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

* Дауыстарды санау кезінде акционер (акционердің өкілі) бюллетеньде белгіленген дауыс беру тәртібін сақтаған және дауыс берудің тек бір ғана ықтимал нұсқасын белгілеген мәселелер бойынша дауыстар есептеледі.

* Егер барлық бюллетеньдер берілген күні не бюллетеньдерді беру мерзімі аяқталған күні оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, жиынтығында Қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер (акционерлердің өкілдері) тіркелсе, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы.

* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің тізімін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесінің деректері негізінде «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жасайды.

* Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға Қоғамның өзіне тиесілі дауыс беретін акцияларын иеліктен шығарған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акцияларға меншік құқығын растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.

* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерінің «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және (немесе) Компанияның жарғысында көзделген тәртіппен Компанияны басқаруға қатысуға құқығы бар.

* Жаһандық депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың депозитарий (Citibank N. A.) арқылы бенефициарлық иеленушілерге қатысты қолданылатын қазақстандық заңнамаға сәйкес талап етілетін сәйкестендіру ақпаратын және басқа да ақпаратты «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-на ұсынған жағдайда, депозиттелген акцияларға қатысты бенефициарлық иеленушілер атынан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналыстарында дауыс беруге құқығы бар.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының мәселелері бойынша

Майра Тнымбергенова, Корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 81 63

Email: mtnymbergenovaatkazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Торғын Мұқаева, GR және PR департаменті PR бөлімінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі  www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы хабарға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактінің мәлімдемелерінен басқа барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдемелер болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер Компанияның қаржылық жағдайына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы үміттері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерде,  бұның алдында, бұлардан  кейін немесе   "мақсат", "санаймыз", "күтеміз", "ниеттіміз", "мүмкін", "болжаймыз", "бағалаймыз", "жоспар", "жоба", "болады", "болуы мүмкін", "ықтимал", "әбден мүмкін" сияқты сөздер мен терминдер немесе олардың теріс нысандары қолданылатын мәлімдемелер қамтылуы мүмкін.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және Компанияның бақылауынан тыс басқа да маңызды факторларды қамтиды, бұл Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашаққа қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанған нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және болашақ бизнес стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін жағдайларға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА КОНВЕНЦИЯЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫН СЕНІММЕН БОЛЖАУ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС. БОЛЖАМДАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕПІЛДІК БЕРІЛМЕЙДІ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАҒЫЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ-ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАНДАРДЫҢ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Болашаққа қатысты мәлімдемені қоса алғанда, осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат осы құжаттың күніне ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден біржақты түрде бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер, оқиғаларға, жағдайларға немесе болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген мән-жайларға өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайларда ол ақпаратқа енгізуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді жария түрде шығармайтын болады.