«ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС «Орталық Мыңқұдық» кенішінде уран өндіру шегінің 15 мың тоннаға жетуін тойлауға арналған мерекелік шара өтті

4 қарашада «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС «Орталық Мыңқұдық» кенішінде уран өндіру шегінің 15 мың тоннаға жетуін тойлауға арналған мерекелік шара өтті. «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС өз жұмысын 2008 жылы бастаған және қазіргі таңда Қазақстанның уран өндіруші ең ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады.

«ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС бас директоры, қалыптасқан дәстүр бойынша, шампан бөтелкесін сындыру арқылы мерекелік шараны салтанатты түрде ашты. «Бұл – біздің кәсіпорнымыз үшін, біздің компаниямыздың тұрақты жұмыс атқаратындығын көрсететін, кезекті маңызды шек» - деп атап өтті Умирбеков А.Е.

Салтанатты жағдайда жұмысшылар «Орталық Мыңқұдық» кенішінің Еңбек сіңірген қызметкері» омырау белгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Бұдан әрі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

қол күресі (ерлер арасында): 1 орын – Кенжебаев Айдос, ӨЕҚА, 2 орын – Носулько Юрий, жүргізуші, 3 орын – Кемалов Нұрқанат, ӨЕҚА

қол күресі (әйелдер арасында): 1 орын – Апбасова Нурзия, АВ, 2 орын – Бахитова Мухаббат, АВ, 3 орын – Кыркынбаева Айзада;

үстел теннисі: 1 орын – Аманбаев Мухан, ГТПА, 2 орын – Танабаев Бауржан, ГТПА, 3 орын – Кадырбергенов Акжол, ГТПА;

шапшаң шахмат: 1 орын – Айтпембетов Мурат, ЖҚЖ, 2 орын – Умирбеков Адай, бас директор, 3 орын – Жапаров Нуржан, ГТБ;

дойбы: 1 орын – Аманкелді Қалмас, ТҮБАЖ және БӨАжА, 2 орын – Қаламбаев Ақарыс, ӨЕҚА, 3 орын – Атабаев Бағдат, АКУ;

гір көтеру (ерлер арасында): 1 орын – Абдуллаев Нурлан, күзетші, 2 орын – Абилдаев Сагдат, 3 орын – Инкарбеков Шыңғыс, ТҮБАЖ және БӨАжА;

гір көтеру (әйелдер арасында): 1 орын – Кыркынбаева Айзада, АВ, 2 орын – Бахитова Мухаббат, АВ, 3 орын – Мусабекова Галия, ВА.

Бұған қоса, «Таланттылар сайысы» ұйымдастырылды. Сайысқа, өз таланттарымен әділ қазылар алқасын таңғалдарған, барлық тілек білдірушілер қатысты. Әділ қазылар алқасы ретінде «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС Орталық аппаратының қызметкерлері мен кәсіподақ өкілі шақырылды. Жеңімпазды таңдау оңайға соқпады, дегенмен, қазылар алқасы келесі жеңімпаздарды жариялады:

«Ең үздік вокалшы» номинациясы бойынша – Арызов Батыр, ӨЕҚА;

«Ең үздік вокалдық ұжым» номинациясы бойынша – Битабаров Айдар, Аскарбаев Нургиса, Тажибаев Нурман, Бектибаев Рифхат, ГТПА;

«Ең үздік би ұжымы» - Аскарбаев Нургиса, Альданова Арай, ГТПА және ВА;

«Ең үздік мәнерлеп оқушы» - Алим Жанерке, ВА.

Мерекелік шара соңында барлық қызметкерлер мен шақырылғандарға арналып мерекелік дастархан жайылды.