Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшысының атынан инвестициялық платформа құру туралы ақпараттың таралуына байланысты Компания мынаны хабарлайды.
Бұл ақпарат «фейк» және шындыққа сәйкес келмейді. Қазатомөнеркәсіп ешқашан қандай да бір инвестициялық платформа құрған емес және құруды жоспарламайды.
Сондай-ақ, Компания азаматтарға интернет-алаяқтықтың осыған ұқсас оқиғаларын еске салып, барынша қырағы болуға және күдікті сілтемелерге сенбеуге шақырады.
Қазатомөнеркәсіп туралы барлық сенімді ақпарат Компанияның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады:
Интернет-ресурс: https://www.kazatomprom.kz/
Facebook: https://www.facebook.com/kazatomprom.kz/
Twitter: https://twitter.com/NAC_Kazatomprom
LinkedIn: https://www.linkedin.com/company/js-nac-kazatomprom-
Instagram: https://www.instagram.com/kazatomprom/
Youtube: https://www.youtube.com/channel/UC5NoCBIU4rm7JLolDEzKDYw