«КАТКО» БК-да COVID-19 жұқтыру жағдайы – қосымша ақпарат

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») және оның француздық серіктесі Orano Mining компаниясы өздерінің «КАТКО» бірлескен кәсіпорнында COVID-19 ауруының анықталған жағдайы бойынша қосымша ақпаратты ұсынады.

2021 жылғы 22 қаңтардағы жағдай бойынша «Мойынқұм» және «Төртқұдық» кен орындарындағы «КАТКО» БК» ЖШС және оның мердігерлік ұйымдарының 666 қызметкеріне COVID-19-ға ПТР-тестілеу әдісімен тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 128 оң жағдай анықталды.

Оң нәтиже көрсеткен қызметкерлер дереу оқшауланып, қазіргі уақытта ем қабылдауда. Олармен байланыста болған барлық адамдар анықталды. Түркістан облысы Созақ ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, «Мойынқұм» және «Төртқұдық» учаскелерінде карантин режимі енгізілді. Карантин режимін алып тастамас бұрын қызметкерлерді ПТР әдісімен қайта тестілеу жүргізіледі.

Компания өндірістік нысандарда да, олардан тыс жерлерде де қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараларды қабылдайды.

Карантин режимінің енгізілуіне байланысты негізгі емес технологиялық процестердің бір бөлігі тоқтатылды. Сонымен қатар, «КАТКО»-ның болжауынша, қалыптасқан жағдай өндіріс бойынша жылдық жоспардың орындалуына айтарлықтай әсер етпейді.

Қазатомөнеркәсіп пен Orano қызметкерлерге қолдау көрсетуді жалғастырып, COVID-19 таралуын болдырмау үшін уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:

Торғын Мукаева, GR ж PR департаментің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63 Email: pratkazatomprom.kz

Orano коммуникация мәселелері бойынша

БАҚ-пен байланыс бөлімі  

Тел: +33 (0)1 34 96 12 15 Email: kristina.galouchkoatorano.group

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. Компания 2019 жылы табиғи уран өндірісі бойынша әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 24%-ын құрады. Топ саладағы аса ірі резервтік уран базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 24 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынға ие. Уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, сонымен қатар барлық кәсіпорындар жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін пайдаланады және денсаулық сақтауда, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдануға басымдық беріледі.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Orano туралы

Orano ядролық материалдарды қоғамның, ең алдымен энергетика саласының дамуына қолдау көрсету үшін пайдалануға болатындай етіп түрлендіреді. Топ шикізаттан қалдықтарды өңдеуге дейінгі ядролық отын циклінің барлық кезеңдерінде жоғары қосылған құны бар өнімдер мен қызметтерді ұсынады. Оның тау-кен өндірісінен бастап, бөлшектеуге, сондай-ақ қайта өзгертуге, байытуға, қайта өңдеуге, логистикаға және инжинирингке дейінгі қызметі төмен көміртекті электр энергиясын өндіруге ықпал етеді. Orano және оның 16000 қызметкері өздерінің тәжірибесі мен озық технологияларды игеруді, сондай-ақ Францияда және шетелде өз клиенттеріне қызмет көрсету үшін үнемі жаңашылдық пен қауіпсіздікке деген адалдықты пайдаланады. Orano атом энергиясының бүкіл әлеуетін ашады www.orano.group

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.