2021 жылғы 8-10 қыркүйекте онлайн-форматта өткен Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың (WNA) жыл сайынғы симпозиумына Қазатомөнеркәсіп атынан шақыру алған Коммерция жөніндегі бас директор Асқар Батырбаев қатысты.
Үш күндік Симпозиумға 30-дан астам елден 250-ден астам салалық сарапшылар қатысты. Симпозиумда қолданыстағы АЭС-тердің әлемдік паркін сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ БҰҰ-ның көміртегі шығарындыларын шектеу және адам қызметінің климатқа әсерін азайту мақсаттарына қол жеткізу үшін ядролық технологияларды одан әрі дамыту жөніндегі жұмыстар атап өтілді.
Қазатомөнеркәсіптің таныстырылымында уран нарығындағы соңғы оқиғалар, оның ішінде споттық нарықтың «осалдығын» көрсетіп берген, қазақстандық және бүкіләлемдік кеніштердегі қызметкерлерді қорғау үшін қажет болған 2020 жылғы өндірістегі өзгерістер талқыланды. Осы өзгерістердің салдары, әсіресе энергия компаниялары тарапынан да, қаржы институттары тарапынан да уранға деген сұраныс өсіп келе жатқан қазіргі кезде айқын байқала бастады. Батырбаев мырза жасаған таныстырылымда атап өтілгендей, уранның әлеуетті жеткізілімдеріне кепілдік берілмеген, ал орта және ұзақ мерзімді перспективадағы әлемдік сұранысты қанағаттандыру үшін материалдың жеткіліксіз болу қаупі бар.
Қазатомөнеркәсіптің таныстырылымы, сондай-ақ Симпозиумға қатысқан атом энергетикасы саласындағы басқа да сарапшылардың баяндамалары UxC, TradeTech, World Nuclear News және басқаларды қоса алғанда, түрлі салалық ақпарат құралдарында жинақталып көрсетілді. Іс-шараның толық нұсқасын 2021 жылдың 31 қазанына дейін мына сілтеме бойынша көруге болады https://www.wna-symposium.org/