Қазатомөнеркәсіп өндірісті қысқартуды жалғастырады

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2021 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жоспарланған деңгеймен салыстырғанда өндіруді 20% - ға дейін қысқартуды жалғастыру ниеті туралы хабарлайды. Қазіргі уақытта Компания бірлескен кәсіпорындар бойынша әріптестермен Қазақстандағы барлық уран кеніштерінде осы жоспарды жүзеге асыруды талқылауды бастады.

Өндірісті қысқартуды сақтау ниеті туралы шешім уран нарығы артық ұсыныс кезеңінен кейін әлі де қалпына келуі жалғасуымен және уран бағасының төмен деңгейде сақталуымен байланысты. Уранның ірі әлемдік өндірушісі ретінде Қазатомөнеркәсіп жаһандық өндірістің ағымдағы сұранысқа сәйкестігі қажеттілігін сезінеді.

Компания еншілес және бірлескен өндіруші кәсіпорындары 2020 жылға арналған өз бюджеттерінде 2021 жылға арналған қайта қаралған өндіру көлемін ескере отырып, күрделі шығындардың қажетті өзгерістерін көздеу мүмкіндігіне ие болуы үшін жыл соңына дейін әлі уақыт болуына қарамастан өз жоспарлары туралы хабарлайды. 2021 жылдан кейінгі өндіру көлеміне қатысты шешім қабылданған жоқ, Компания нарықтағы жағдайдың дамуын қадағалауды жалғастырады. Бұл ретте, нарық айқын тұрақты қалпына келтіруді көрсетпегенше және сұраныс пен ұсыныстың теңгерімін қамтамасыз ету үшін көбірек уран талап етілмейінше өндірудің толық көлеміне қайтару күтілмейді.

Осы шешімді жүзеге асыру 2021 жылы күтілетін әлемдік өндіруден уран жеткізілімдерінің 5 600 т дейін қысқаруына алып келеді. Қазатомөнеркәсіптің өндіру көлемі 2021 жылы 23 000 т уран деңгейінде сақталады (100% негізде), бұл 2019 және 2020 жылдардың көрсеткіштеріне сәйкес келеді деп күтілуде, олар бойынша алдыңғы жарияланған есептерде (Құзыретті тұлғаның есебі, 2018 жылғы 31 қазандағы IPO проспектісі) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес жылдық өндіру көлемінің 20%-ы қысқаратыны туралы жарияланған.

Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов: «Табиғи уран нарығы 2016 жылдың минимумымен салыстырғанда қалпына келтірудің кейбір белгілерін көрсетуде, бірақ әлі де бар өндірістік қуаттарды қайтару қажеттігінен алыс. Ағымдағы деңгейде өндіру көлемін сақтау барлық мүдделі тараптардың мүддесі үшін нарықтың ұзақ мерзімді тұрақты дамуына ықпал етеді.  Өндірісті қысқартуды жалғастыру ниеті, сондай-ақ көлемдерді өсірмей, ұзақ мерзімді нарықтық құнды құру стратегиямызды ұстанатынымызды көрсетеді», - деп атап өтті.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы операциялық және қаржылық көрсеткіштер конференц-қоңырауы туралы хабарлама (2019 жылдың 27 тамыз күні)

Қазатомөнеркәсіп 2019 жылғы 27 тамызда жарияланғаннан кейін 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін конференц-қоңырау өткізуді жоспарлады. Басталуы 17:00 (AST)/12:00 (GMT)/07:00 (EST). Басшылықтың баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде «Сұрақтар/Жауаптар» сессиясы өтеді (сессияның орыс тіліндегі ілеспе аудармасы тек тыңдау үшін ғана қолжетімді болады).

Мүдделі тараптарды келесі телефон нөмірлері бойынша конференц-қоңырау шалуға шақырамыз. Қоңырау шалу кезінде:

  • Қазақстаннан: +7 (8) 717 269 67 38
  • Біріккен Корольдіктен: +44 (0) 80 0408 7373
  • Америка Құрама Штаттарынан: +1 833 661 7897

Телефон конференциясына қосылу және «Сұрақтар/Жауаптар» сессиясына ағылшын тілінде тікелей қатысу үшін 813569 конференция нөмірін енгізіңіз, сұралған кезде 5207 құпиясөзін енгізіңіз.

Сондай-ақ, ескерту алу үшін, қатысушылар төмендегі сілтеме арқылы алдын-ала тіркеуден өте алады (тек ағылшын тілінде):

https://www.speakservecloud.com/register-for-call/1eaba28d-5b43-4b54-b0ea-0f14b1e3fbd5

Телефон конференциясына орыс тілінде қосылу үшін (тек тыңдау режимінде), 357958 конференция нөмірін енгізіңіз, сұралған кезде 6326 құпиясөзін енгізіңіз.

Сондай-ақ, хабарлама алу үшін, қатысушылар төмендегі сілтеме арқылы алдын-ала тіркеуден өте алады (тек орыс тілінде):

https://www.speakservecloud.com/register-for-call/aca09126-16e6-4a1d-9750-191e3e4156d3

Конференц-қоңыраудың тікелей эфирі (вебкаст) конференция шақырылған күні www.kazatomprom.kz интернет-ресурсының сілтемесі арқылы қолжетімді болады. Жазбасы  телефондық конференция аяқталғаннан кейін қолжетімді болады.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), Инвесторлармен жұмыс басқармасының басшысы

Тел: +7 7172 45 81 69

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша: 

Торғын Мукаева, Қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

Powerscourt – Лондон (Giles Read)

Тел: +44 20 7250 1446

Email: Kazatompromatpowerscourt-group.com

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – әлемдегі ірі табиғи уран өндіруші компания. 2018 жылы Компанияның қатысу үлесі негізіндегі табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 23% құрады. Топ уранның саладағы аса ірі резервтік базасына ие. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Уран өндіруші кәсіпорындарының барлығы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, олар денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың алдыңғы қатарлы тәжірибелері мен құралдарына айрықша назар аудара отырып, жер асты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісін қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің құнды қағаздары Лондон қор биржасында және «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп – Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы. Топтың негізгі клиенттері – атом қуатын өндіруші операторлар, ал өнімін шығаратын негізгі экспорттық нарығы – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа елдері. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Trading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толық ақпарат біздің сайтымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ - ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ - ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күні ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.