«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2021 жылдың бірінші жартыжылдықтағы қаржылық нәтижелері

Конференц қоңырау 2021 ж. 1-ші жартыжылдықтағы қаржылық нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп», «ҚАӨ» немесе «Компания») халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, 2021 жылғы 30 маусымда аяқталған жартыжылдық үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.

«Компания 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша мықты операциялық және қаржылық нәтижелер көрсетті, - деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің Басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов. – Түсім өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54%-ға артты. Түсімнің ұлғаюы, өз кезегінде, операциялық пайданы шамамен 30%-ға өсуіне әкелді. Түзетілген таза пайда 30%-дан астам өсті. Компанияның уран өндіруші кәсіпорындары үздіксіз қызметті қамтамасыз етіп, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне ұқсас өндірістің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізді.

COVID-19 әсері әлі де жалғасып жатыр. Бастапқы өндіру көлемінің қысқаруы қысқа мерзімді ұсыныс тапшылығының өсуіне алып келді. Алайда, нарық қатысушыларының көңіл-күйі қырағы болып сақталуда. Осыған орай екінші тоқсан аяқталғаннан кейін біз жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың деңгейлерімен салыстырғанда өндіру көлемін тағы бір жылға 20% қысқартуды ұзартатынымызды мәлімдедік. Осы шешімді іске асыру 2023 жылы әлемдік бастапқы уран өндірісінің болжамалы өндіріс көлемінен 5 мың тоннаға дейін уранды кем өндіруге алып келеді деп күтілуде. Алайда, бүкіл әлемде ядролық энергияны кеңінен қолдана отырып, біз уран жеткізілімін арттыруды қажет ететін нарықты көреміз деп үміттенеміз.

Бұрын көптеген алаңдаушылық пен пікірталас тудырған әлеуметтік және экологиялық проблемалар анағұрлым айқындала бастады. Қазір көп көңіл бөлуді қажет ететін салалардың бірі – климаттық дағдарысқа байланысты ахуал. Құрғақшылық, орман өрттері, су тасқыны және дауыл сияқты климаттық құбылыстардың күшеюі пікірталастар мен талқылаулардың уақыты өтіп кеткенін аңғартты, енді мемлекеттер тарапынан дереу батыл іс-шаралар қолға алынуы қажет. Бағымызға орай, көпшілік алдында пікірталас шеңберінде сарапшыларға климаттық мәселелерді шешудегі ядролық энергияның рөлі туралы сындарлы диалог жүргізу бағытында оң динамиканы байқап отырмыз.

Қазатомөнеркәсіп халықаралық «жасыл» стратегияның негізгі бөлігі ретінде ядролық энергетиканы кеңінен тануды қолдайды, бұл ретте Компания маркетинг және сату мәселелерінде нарықтық тәртіпті сақтауды жалғастырып, ұзақ мерзімді нарықтық құндылықты құру стратегиясын ұстануды жалғастырады. Қазатомөнеркәсіп өзіндік құны төмен және едәуір ұзақ мерзімді уран қорлары бар өндіруші ретінде нарықтың қалпына келуі кезінде пайда әкелуге қабілетті бірегей позицияларды сақтап қалады».

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

 

        30 маусымда

        аяқталған 6 ай үшін

 

 

 

 

(егер өзгесі көрсетілмесе, миллиард теңгемен)

2021

2020

Өзгеріс

Топтың шоғырландырылған түсімі

235,5

 153,1

54%

Операциялық пайда

61,3

47,5

29%

Таза пайда

58,1

66,0

(12%)

     Бірлескен кәсіпорындағы инвестициялардың шығуынан нәтиже

(бір реттік әсер)1

-

22,1

(100%)

Түзетілген таза пайда

58,1

 43,9

32%

Меншік иелеріне тиесілі акцияға таза пайда (базалық және таратылған) теңге/акцияға2

184

225

(18%)

Түзетілген EBITDA көрсеткіші 3

99,4

81,0

23%

EBITDA көрсеткіші 4 (қатысу үлесіне барабар)4

96,7

84,0

15%

Операциялық ақша ағыны5

80,8

38,2

111%

1 «Уран байыту орталығы» АҚ бірлескен кәсіпорнындағы инвестицияның шығарудың нәтижесі.
2 Компанияның меншік иелеріне жатқызылатын, шығарылған акциялардың жалпы санына бөлінген, ең жақын тұтас теңгеге дейін дөңгелектелген кезең ішіндегі пайда ретінде есептеледі.
3 Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық баптарды алып тастау арқылы есептеледі.
4 Бұрын ол «EBITDA түзетілген көрсеткіші (қатысу үлесіне барабар)» ретінде анықталды, ол БК мен қауымдасқан кәсіпорындардың таза пайдасындағы үлесті шегере отырып, EBITDA түзетілген көрсеткіші ретінде есептеледі және уран сегментінде жұмыс істейтін бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардың EBITDA түзетілген көрсеткішінің үлесі ретінде есептеледі (EBITDA-ны қоспағанда, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС және EBITDA түзетілген көрсеткішіндегі бақыланбайтын үлесті шегергенде, «Аппақ» ЖШС, «Инкай» БК ЖШС, «Байкен-U» ЖШС және «Хорасан-U» БК» және Топтың іске асырылмаған пайдасындағы кез келген өзгерістерді шегергенде.
5 Табыс салығы мен төленген сыйақы пайыздарын қамтиды

Қызметтің қаржылық жай-күйін және нәтижелерін талдау және шоғырландырылған қаржылық есептілік

Қызметтің қаржылық жай-күйі мен нәтижелерін талдауда және шоғырландырылған қаржылық есептілікте (аудиттелмеген) Қазатомөнеркәсіптің 2021 жылғы 30 маусымда аяқталған бірінші жартыжылдықтағы қызметінің нәтижелері туралы 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырылған егжей-тегжейлі түсіндірулер, сондай-ақ 2021 жылға арналған түзетілген болжамдар ұсынылған. Бұл баспасөз баянын www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызда қолжетімді осы құжаттармен бірге оқу керек.

Бизнес құрылымындағы ескерілуі тиіс өзгерістер

2021 жылдың бірінші жартысында Топ құрылымында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. 2020 жылдың бірінші жартысында Топ Қазатомөнеркәсіпке тиесілі «Уран байыту орталығы» АҚ-дағы үлесінің 50%-ын (минус бір акция) осы бірлескен кәсіпорын бойынша серіктесі – ТВЭЛ-ге сату бойынша «ТВЭЛ» АҚ-мен мәмілені аяқтады, бұл есепті кезеңнің нәтижелеріне айтарлықтай әсер етті. Мәміле сомасы 2019 жылғы 31 желтоқсанда тіркелген бағам бойынша 6 253 миллион ресей рублін немесе 90 миллион еуроны құрады. Нақты алынған сыйақы 90 миллион еуроны (43 858 миллион теңгеге балама) құрады. 2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша, Топтың еншілес кәсіпорындарының, БК, бірлескен операциялар (БО), қауымдасқан кәсіпорындарының және өзге де инвестицияларының жалпы саны 38 құрады (2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша 39).

Түсім, таза пайда, EBITDA көрсеткіштері

Топтың шоғырландырылған түсімі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 54%-ға ұлғайып, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 235 501 млн теңгені құрады. Бұл өсу негізінен мыналарға байланысты:

  • клиенттердің жеткізуге сұраныстарының түсу мерзімдеріне  және 2020-2021 жылдардың бірінші жартыжылдығына арналған жеткізу кестелерінің өзгеруіне байланысты 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында сату көлемінің едәуір ұлғаюымен;
  • U3O8 спот бағасының өсуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуімен; және
  • 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуімен.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша операциялық пайда 61 315 млн. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29%-ға көп, негізінен жоғарыда айтылғандай, 2021 жылы түсімнің ұлғаюына байланысты болды.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында таза пайда 58 086 млн теңгені құрап, 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12%-ға азайды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында «Уран байыту орталығы» АҚ-дағы инвестициядан шығудан 22 063 млн теңге мөлшерінде таза кіріс алынды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы түзетілген таза пайда 32%-ға ұлғайып, 58 086 млн теңгені құрады.

Түзетілген EBITDA көрсеткіші 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23%-ға ұлғайып, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 99 395 млн теңгені құрады, ал EBITDA көрсеткіші 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсіп, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қатысу үлесіне барабар негізде 96 694 млн теңгені құрады. Өзгерістер негізінен жоғары операциялық пайдаға байланысты болды.

Операциялық ақша ағындары 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 80 833 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдықтағы 38 220 млн теңге көрсеткішімен салыстырғанда 111%-ға көп, негізінен мыналарға байланысты:

  • 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізушілерге арналган төлемдер 2020 – 2021 жылдардың бірінші жартыжылдығының сатып алу кестелерінің өзгеруіне байланысты 24 270 млн. теңгеге төмендеген;
  • БО өзара есеп айырысулар, атап айтқанда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында "өзге түсімдер" 8 683 млн. теңгені құрап, топ ішіндегі элиминациядан кейін қалған БО-мен тараптардың өзара есеп айырысуларын білдіреді. ХҚЕС (IFRS) 11 сәйкес БО-ның әрбір тарапы бірлескен операциялардан ақша ағындарындағы өз үлесін тануға тиіс. БО мен тараптардың әрқайсысы арасындағы операциялар бір мезгілде жүргізілмейтіндіктен, шоғырландырылған ақша ағындары БО-ның екінші қатысушысынан төленген/алынған сомаларды қамтуы мүмкін. Келесі кезеңдерде мұндай сомалар басқа түсімдерде / басқа төлемдерде ұқсас түрде көрсетіледі;
  • 2020 – 2021 жылдардың бірінші жартыжылдығында жеткізу кестелерінің өзгеруіне байланысты 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында сатып алушылардан түскен ақшалай түсімдердің 4 665 млн.теңгеге ұлғаюы және U3O8 нарықтық спот бағасының өсуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуі.

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 72%-ға ұлғайып, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 154 045 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өткізу көлемінің едәуір ұлғаюымен және БК мен қауымдасқан кәсіпорындардан, сондай-ақ үшінші тараптардан сатып алынған уран үлесінің ұлғаюымен байланысты болды.

Өнім өткізу бойынша шығыстар

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өнім өткізу бойынша шығыстар 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26%-ға төмендеп, 3 642 млн теңгені құрады. Төмендеу негізінен уран өнімдерін жеткізу пункттерінің өзгеруімен байланысты болды.

Жалпы және әкімшілік шығыстар (ЖӘШ)

ЖӘШ-тің ұлғаюы ішінара 2 932 млн.теңге мөлшерінде уран өнімі бойынша міндеттемелерге резервті енгізуіне байланысты болды. Сонымен қатар 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында COVID-19 пандемиясына байланысты оңтайландыру мен шығындарды азайуына байланысты өткен кезеңде ОАР төмен болды.

Өтімділік

Топтың өтімділікке қажеттілігі негізінен айналым капиталын қаржыландыруға, күрделі шығындарға, қарызға қызмет көрсетуге және дивидендтер төлеуге қатысты. Тарихи тұрғыдан алғанда, Топ негізінен өзінің айналым капиталын және капиталға ұзақ мерзімді қажеттіліктерін қаржыландыру үшін операциялық қызметтен түскен ақша ағындарын пайдаланды, мұны қажет туындаған кезде сыртқы қаржы ресурстарын пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, болашақта да жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қажет болған жағдайда Компания белгілі бір инвестициялық жобаларды қорландыру үшін жобалық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін қарастырады.

(миллион теңгеде)

2021 жылғы 30 маусымға

2020 жылғы 31 желтоқсанға

2020 жылғы 30 маусымға

2021 жылғы 6 айдағы өзгеріс

Ақша қаражаты және оның баламалары

 151 762

 113 347

 65 041

34%

Қысқа мерзімді депозиттер

  - 

  - 

 1

 -

Барлық ақша қаражаты

 151 762

 113 347

 65 042

34%

2021 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша ақша қаражаты мен оның баламалары 151 762 млн. теңгені құрап, 2020 жылғы 31 желтоқсандағы 113 347 млн.теңге көлемімен салыстырғанда 34% - ға ұлғайып, 2020 жылы дивидендтер төлеу алдында ақша қаражатының жалпы сомасының жиналуына байланысты 2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 65 041 млн. теңге көлемімен салыстырғанда ұлғайды.

Борыштық левередж коэффициенттері

Келесі кестеде Компания басшылығы қаржылық тұрақтылықты өлшеу үшін пайдаланатын негізгі коэффициенттер келтірілген.

(миллион теңгеде)

2021 жылғы 30 маусымға

2020 жылғы 31 желтоқсанға

2020 жылғы 30 маусымға

2021 жылғы 6 айдағы өзгеріс

 Кредиттер мен қарыздар жиынтығы (кепілдіктерді қоспағанда)

 90 410

98 572

163 711

(8%)

 Ақша қаражатының барлық балансы

 (151 762)

(113 347)

(65 042)

34%

 Таза қарыз

 (61 352)

(14 775)

98 669

315%

 Түзетілген EBITDA көрсеткіші *

 344 117

325 734

256 738

6%

Таза қарыз / түзетілген EBITDA көрсеткіші (коэффициент)

 (0,18)

(0,05)

0,38

260%

* Коэффициентті есептеу мақсаттары үшін таза борыш/түзетілген EBITDA көрсеткіші 2021 және 2020 жылғы 6 айдағы EBITDA түзетілген көрсеткіші 12 ай (есепті кезеңнің бірінші жарты жылдығы және алдыңғы кезеңнің екінші жарты жылдығы) негізінде есептелді. Түзетілген EBITDA келесідей есептеледі: салыққа дейінгі пайда – қаржы. табыс + қаржы. шығыстар + / - бағамдық айырма + тозу және амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру + / - біржолғы және бір реттік оқиғалар.

Уран сегментінің өндірістік көрсеткіштері

 

 

30 маусымда аяқталған 6 айда

 

 

 

2021

2020

Өзгеріс

U3O8 өндіріс көлемі (100% негізде)

тонна

10 451

10 434

-

U3O8 өндіріс көлемі U3O8 (қатысу үлесіне барабар)1

тонна

5 864

5 790

1%

U3O8 сату көлемі (шоғырландырылған)

тонна

6 193

4 220

47%

    Компанияның сату көлемін қосқанда2,3

тонна

5 179

3 749

38%

Топтың дайын өнімінің қалдықтары (U3O8)

тонна

8 864

11 110

(20%)

    Компанияның U3O8 дайын өнім қалдықтарын қосқанда4

тонна

6 773

9 094

(26%)

Топтың орташа сату бағасы

теңге/кг

32 675

29 247

12%

Топтың орташа сату бағасы

АҚШ долл/фунт

 29,63

 27,81

7%

Компанияның орташа сату бағасы5

АҚШ долл/фунт

 29,63

 27,86

6%

Орташа апталық споттық баға6

АҚШ долл/фунт

 29,95

 28,66

5%

Ай соңындағы орташа споттық баға6

АҚШ долл/фунт

 30,18

 29,46

2%

1 U3O8 өндірісінің көлемі (қатысу үлесіне барабар) Компания мен ТНК сатып алатын уран көлеміне тең емес.
2 Компанияның сату көлемі (Топта ескерілген): Компанияның және THK сыртқы сатып алушыларына сатудың жалпы көлемін қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер ескерілмейді.
3 Топ бойынша сату көлемі және ҚАӨ сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген) 2020 жылдың бірінші тоқсанында UF6 уран гексафториді нысанында сатылған уран эквивалентінің шамамен 100 тоннасын қамтымайды.
4 Компанияның дайын өнімі қалдықтарының көлемі (Топта ескерілетін): Компания қалдықтарының жалпы көлемін және THK қамтиды.
5 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ мен THK қорытынды сыртқы сату үшін уран концентратының бір фунты үшін орташа өлшенген баға. ҚАӨ мен THK арасындағы топішілік мәмілелер бойынша бағалар енгізілмеген
6 Дереккөз: UxC, TradeTech. Бағалар әр апта үшін споттық баға белгілеулерінің орташа мәні емес, айдың соңындағы уранның споттық баға белгілеулерінің орташа мәні болып табылады, өйткені келісімшарттық бағалар шарттары әдетте айдың соңындағы бағаға байланысты болады.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында U3O8 өндірісінің көлемі 100% негізде де, пропорционалды негізде де өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көлемдермен салыстырмалы болды.

Компанияның U3O8 сату көлемі, сондай-ақ шоғырландырылған сатылым 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өсті, бұл клиенттердің жеткізуге сұраныстарының түсу мерзімдеріне және 2020 және 2021 жылдардың бірінші жартыжылдығындағы жеткізілім кестесінің айырмашылығына байланысты болды.

Топ бойынша U3O8 дайын өнімінің шоғырландырылған қорлары (қалдықтары) 2021 жылғы 30 маусымда 8 864 тоннаны құрады, бұл 2020 жылғы 30 маусымдағы көрсеткішке қарағанда 20%-ға төмен. Компания деңгейінде U3O8 дайын өнімінің қорлары (қалдықтары) 6 773 тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың маусымымен салыстырғанда 26%-ға аз. Қорлардың төмендеуі негізінен 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында сатылымның жоғары деңгейімен және 2021 жылдың басында қорлардың төменгі деңгейімен байланысты болды. Компания әлі де қорлардың (қоймалардағы қалдықтардың) мақсатты деңгейін сақтауға тырысады, ол Компанияның шамамен қатысу ұлесіне барабар алты-жеті айлық өндіріс көлеміне сәйкес келеді. Алайда, 2021 және 2022 жылдардағы қорлар (қоймалардағы қалдықтар) COVID-19 пандемиясы кезінде өндірістік жоғалтуға байланысты осы деңгейден төмен болуы мүмкін. Осылайша, екінші тоқсан ішінде Компания спот нарығында материал сатып алу бойынша бірқатар мәмілелер жасады және Компания өз қорларын оңтайландыру үшін мүмкіндіктерді іздеу мақсатында нарықтық жағдайды бақылауды жалғастырады.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Топтың орташа сату бағасы теңгемен 32 675 теңге/кг (29,63 АҚШ доллары / фунт) құрады, бұл уран өніміне арналған орташа споттық бағаның неғұрлым жоғары болуына және теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуіне байланысты 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 12%-ға көп. Компания деңгейіндегі орташа сату бағасы да ұқсас себептерге байланысты жоғары болды.

Компанияның келісімшарт портфелінің ағымдағы баға белгілеуі уранның ағымдағы споттық бағаларымен өзара тығыз байланысты. Алайда, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында орташа сату бағасының өсуі уранның споттық нарықтық бағасының өсуінен сәл өзгеше болды, өйткені кейбір жеткізілімдер нарықтық бағаның өсуіне дейін белгіленген бағаларға негізделді, ал кейбіреулері нарықтық баға төмен болған кезде споттық бағамен индекстелді.

Уран өнімінің ақшалай өзіндік құны және күрделі шығындары

 

 

30 маусымда аяқталған 6 айда

 

(егер басқасы көрсетілмесе, миллион теңгеде)

 

2021

2020

Өзгеріс

C1 Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесіне барабар)

АҚШ долл/
фунт

 8,99

 9,79

(8%)

AISC Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар

(қатысу үлесіне барабар)

АҚШ долл/
фунт

 12,58

 11,65

8%

Өндірістік кәсіпорындардың күрделі шығындары (100% негізде)1

 

 33 444

 16 112

108%

¹ Тарату қорлары мен жою шығындарын қамтымайды.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қатысу үлесіне қарай Ақшалай өзіндік құн (С1) 8%-ға төмендеді, ал Ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар (AISC) (АҚШ долларындағы баламасы) қатысу үлесі бойынша 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8%-ға ұлғайды. C1 төмендеуі негізінен 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында АҚШ долларына қатысты теңге бағамының әлсіреуіне, сондай-ақ қатысу үлесіне барабар өндіріс шығындарының төмендеуіне байланысты болды. AISC көрсеткішінің артуы өндіруші кәсіпорындардың күрделі шығындарының өсуімен байланысты болды. 2021 жылға арналған өндірістік жоспарды орындау үшін Компания 2020 жылы COVID-19 пандемиясының салдарынан кен орындарын игеру жұмыстарының төрт айлық тоқтатылуына байланысты кен орындарын игеру жұмыстарын 2021 жылдан бастап 2020 жылға ішінара ауыстырды.

Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде) 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда едәуір ұлғайып, 33 444 млн теңгені құрады, бұл жоғарыда сипатталғандай, кен орындарын әзірлеу жөніндегі жұмыстардың кейінге қалдырылуына, сондай-ақ шикізатты, материалдар мен жабдықтарды сатып алу бағаларының өсуіне және бұрғылау бойынша қызметтер құнының жоғарлауына байланысты қалыптасты.

Қазатомөнеркәсіптегі ESG

Атом өнеркәсібі және оның жеткізу тізбегі қазіргі уақытта мүдделі тараптар ерекше көңіл аударып отырған ESG принциптеріне қатаң сәйкес келеді. Компаниялар, соның ішінде Қазатомөнеркәсіп те ядролық энергияның климаттың өзгеруі мәселесін шешуге, атмосферадағы, құрлықтағы және су айдындарындағы ластану мен қалдықтарды басқаруға, сондай-ақ таза технологияларды жетілдіру мен енгізуге қатысу мүмкіндігін белсенді түрде насихаттап келеді. Парадигманы ауыстыруда аса қажеттілік өсүде: "Париж келісімінде" қойылған қажетті мақсаттарға қол жеткізу үшін ядролық энергетиканы жасыл халықаралық стратегияның негізгі бөлігі ретінде неғұрлым кеңінен тануды қоса алғанда, қауіпсіз, базалық, көміртексіз энергия көздерін енгізу жеделдетілуі тиіс.

«Жасыл» басымдықтарға баса назар аударудың өсуіне байланысты Қазатомөнеркәсіптің тұрақты даму практикасын ұдайы жетілдіруі Компанияның ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен бәсекелестігін, сондай-ақ оның барлық мүдделі тараптар үшін қосымша пайда жасау қабілетін қамтамасыз ететін үстем фактор бола келе, сол арқылы елдің, тұтас қоғамның және уран саласының дамуына оң үлес қосады.

2021 жыл ішінде Компания тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде тұрақты дамуды басқаруға көшуді нығайту және ESG саласындағы ашық есептілік талаптарын қанағаттандыру бойынша төмендегідей қадамдар жасайды:

  • Топтың ұзақ мерзімді қаржылық нәтижелеріне тікелей әсер ететін тәуекелдерді анықтау мен бағалау және осы тәуекелдерді тиімді басқару бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру;
  • өнімділікті арттырудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау және елеулі бәсекелестік артықшылықтарға ие болу үшін орнықты даму саласындағы тәуекелдерді басқару практикасын жетілдіру және тәуекелдер мәдениетін дамыту;
  • сыртқы тараптардың бағалауы мен құндық талдауын жақсартуға мүмкіндік беретін болашақта ESG саласында сенімді және нақты көрсеткіштердің ашылуын қамтамасыз ету үшін ішкі есептілікті бейімдеу;
  • танымал сыртқы агенттіктердің Қазатомөнеркәсіпке ESG саласындағы корпоративтік рейтингтерді беруіне оң ықпал жасайтын, қабылданған әлемдік стандарттарға сәйкес ESG және тұрақты даму саласындағы Компанияның есептілігін дайындау процестерін жетілдіру.

Денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсеткіштер

Компания кәсіпорындарында өндірістік қызметті еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі қазақстандық және халықаралық талаптарды сақтай отырып жүргізеді, оқыс оқиғалар мен жазатайым жағдайлардың алдын алу бойынша кешенді шаралар іске асырылады. Халықаралық стандарттарға (ISO 45001) сәйкес келетін еңбекті қорғау менеджменті және қауіпсіздік техникасы жүйелері енгізіліп, Компанияда барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылар арасында қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өндірістік қауіпсіздік саласында қабылданған шаралар Компания кәсіпорындарындағы ірі өнеркәсіптік апаттардың (бақыланбайтын жарылыстарды, қауіпті заттардың шығарындыларын немесе ғимараттардың қирауын қоса алғанда) алдын алуға мүмкіндік берді. Төменде келтірілген кестеде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 2020 және 2021 жылдардың бірінші жартыжылдығындағы нәтижелер көрсетілген:

 

30 маусымда аяқталған 6 айда

 

Көрсеткіш

2021

2020

Ауытқу

Өнеркәсіптік апаттар 1

-

-

-

LTIFR (1 млн адам-сағатқа) 2

0,71

0,40

78%

Қауіпті жағдайлар, қауіпті әрекеттер және near-miss бойынша есеп

19 023

16 602

15%

Жазатайым оқиғалар саны 3

5

6

(17%)

Өлім жағдайлары

-

1

(100%)

1 Бақыланбайтын жарылыстар, қауіпті заттардың шығарындылары немесе ғимараттардың қирауы ретінде анықталады.
2 Lost Time Injury Frequency Rate (LTIFR) миллион сағатқа.
3 Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындаған кезде оның өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына не қайтыс болуына әкеп соққан зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі ретінде айқындалады.

Топ жұмыс орнындағы денсаулық пен қауіпсіздікті жақсартуға тұрақты түрде көп көңіл бөлуді жалғастырып келеді. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өлімге жол берілген жоқ, бірақ жазатайым оқиғалардың саны 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда азайғанына қарамастан, бірнеше қызметкер зардап шеккен екі жазатайым оқиғаға байланысты ауыр жарақат алған қызметкерлер саны артты (тиісінше үш және бес адам).

Жазатайым оқиғаларға биіктіктен құлау, электротермиялық күйік, жабдықтың механикалық әсері, химиялық күйік және жол-көлік апаты жатады.

Әрбір жазатайым оқиғадан кейін мұқият тексеру жүргізіліп, негізгі себептер анықталды, алдын алу шаралары әзірленді және болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін рәсімдер өзгертілді. Барлық кәсіпорындар оқиғадан сабақ алып, өздеріндегі процестерді тиісті түрде реттей алуы үшін тексеру нәтижелері Топ кәсіпорындарына жеткізілді.

Компания өзінің барлық уран кеніштері мен өндірістік алаңдарында қоршаған ортаны және радиациялық қауіпсіздікті бақылаудың сенімді жүйелерін (ISO 14001 сәйкес) пайдаланады. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында экологиялық апаттарға жол берілген жоқ. Қалдықтардың, шығарындылардың, төгінділердің пайда болуының белгіленген лимиттерінен асып кету дерегі тіркелмеді.

Радиациялық әсер және ядролық қауіпсіздік 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында ядролық және радиациялық апаттарсыз тұрақты болып қалды. Барлық жұмыстар нормативтік құқықтық актілердің, радиациялық және ядролық қауіпсіздік жөніндегі ішкі құжаттаманың талаптарына сәйкес жүргізілді.

COVID-19 пандемиясы: қазіргі жағдай

Осы баспасөз баяны шығарылған күні COVID-19-ға байланысты жағдай әлі де болса шиеленісіп тұрды, дегенмен індет осы кезге дейін Компанияның кірісі мен жеткізіліміне айтарлықтай әсер еткен жоқ. Топ есепті кезеңде сату бойынша барлық міндеттемелерін орындап шықты.

Шілдеде жаңа «дельта» штамының таралуына байланысты вирус жұқтыру жағдайларының өсуі байқалды, бұл Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын қоса алғанда, «қызыл» аймақтардың кеңеюіне және үстіміздегі жылғы тамызда мемлекеттік органдар тарапынан қатаң шектеулердің қайта енгізілуіне әкеп соқтырды. Компания қолданыстағы барлық хаттамалардың өзектілігі мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, COVID -19-ға байланысты жағдайға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Қызметкерлер арасында COVID -19 жағдайы анықталған кезде Компания және оның еншілес ұйымдары инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау мақсатында алдын алу шараларын қабылдайды, бұл ретте ауру жұқтырған қызметкердің денсаулығына, қажет болған жағдайда, тиісті медициналық көмек көрсете отырып, тұрақты бақылау жасалады.

Вакциналау статусының мониторингі күнделікті негізде жүргізіледі, бұл ретте Компанияның вакцинациялау деңгейі бүкіл ел бойынша көрсеткішінен асып түседі (2021 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстандағы бірінші компонентті екпе алған халықтың үлесі шамамен 27% - ды құрады). 2021 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша әрбір өндіруші еншілес кәсіпорын вакцинаның бірінші компонентін алып, иммундаумен қамтудың 87% шебінен өтіп, ал 74%-ы  екі компонентін алып, толық егілуден өтті. Жалпы Топ бойынша, Компанияның корпоративтік орталығы мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарын қоса алғанда, қызметкерлердің 81%-ы (15 758) бірінші компонентпен егіліп, 69%-дан астамы вакцинаның екі компонентін алды.

Қазатомөнеркәсіптің 2021 жылға арналған түзетілген болжамдары

( 1 АҚШ доллары үшін 430 теңге курсымен)

2021

Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі

(100% негізде), тонна 1

22 500 – 22 8002

Өндіруші кәсіпорындардың U3O8 өндіріс көлемі

(қатысу үлесіне барабар), тонна 3,4

12 100 – 12 4002

Топтың сату көлемі, тонна 5 (шоғырландырылған)

15 500 – 16 000

соның ішінде Компанияның сату көлемі, тонна 6

13 500 – 14 000

Топтың жалпы кірісі (қаржылық есепке сәйкес)7, млрд теңге

620 – 640

     соның ішінде U3O8 сатудан түскен түсім (Топ бойынша)7, млрд теңге

540 – 560

Ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша, C1), АҚШ долл / фунт 4,*

$9,00 – $10,00

Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (қатысу үлесі бойынша, AISC), АҚШ долл / фунт 4,*

$13,00 – $14,00

Күрделі шығындар (100% негізде), млрд теңге 8

90 – 100

1 Өндіріс көлемі (100% негізде): Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің кейбір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді.
2 COVID-19 пандемиясының ұзақтығы мен толық әсері әлі белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі біздің күткенімізден өзгеше болуы мүмкін.
3 Өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар): Компанияның иелену үлесіне барабар үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемін білдіреді және жылдық өндіріс көлемі (иелену үлесіне барабар) Компанияның бағалы қағаздар шығару проспектісінде бұрын ашылған өткізу туралы келісімге сәйкес айқындалатын «Инкай» БК қоспағанда, бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушылар бойынша қалған бөлікті қамтымайды. Өндірістің нақты нақты көлемдері Конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады.
4 CGNM UK Limited компаниясының (CGNPC еншілес компаниясы) «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі қатысу үлесінің 49%-ын сатуға байланысты U3O8 өндіріс көлеміндегі қатысу үлесі мен AISC көрсеткішіне барабар өтүзетулерді қамтиды.
5 Топтың сату көлемі: Қазатомөнеркәсіпті және оның шоғырландырылған еншілес және тәуелді кәсіпорындарын сатуды қамтиды.
6 Компанияның сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек Компанияның және THK-ның қорытынды сыртқы сатылымдарын қамтиды. Компания мен THK арасындағы топішілік мәмілелер енгізілмеген.
7 Болжамды түсім уранның бағасына және белгілі бір уақытта бөгде көздерден алынған теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамына негізделген. Пайдаланылатын бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамдары Қазатомөнеркәсіптің ішкі болжамдарын көрсетпейді және 2020 жылғы түсім айтарлықтай дәрежеде нақты бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбас бағамдарының бөгде көздер болжамынан алшақтығы ықпалына ұшырауы мүмкін.
8 Күрделі шығындар (100% негізде): өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындарын ғана қамтиды.
* Назар аударыңыз, U3O8 кг-н фунтқа ауыстыру коэффициенті 2,5998 құрайды.

Қазіргі уақытта Компанияның 2021 жылға арналған барлық болжамдары, U3O8 өндірісінің қатысу үлесіне барабар көлемін және AISC көрсеткішін қоспағанда өзгеріссіз қалады, олардағы түзету «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі қатысу үлесінің 49%-ын CGNM UK Limited (CGNPC еншілес компаниясы) компаниясына сату нәтижесінде осы кәсіпорындағы Қазатомөнеркәсіп үлесінің төмендеуімен байланысты болды. Түсім, сондай-ақ «ақшалай өзіндік құн (қатысу үлесі бойынша), С1» және «ақшалай өзіндік құн + күрделі шығындар (қатысу үлесі бойынша С1 + күрделі шығындар), AISC» көрсеткіштері теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы мен уранның споттық бағасы ескертпеде көрсетілген берулерден өзгеше болатын дәрежеде жоғарыда келтірілген болжамдардан қосымша ерекшеленуі мүмкін.

Компанияның COVID-19 таралуын болдырмау және жұмысшылардың, сондай-ақ жергілікті халықтың денсаулығын қорғау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары 2021 жылы да өндірістік қуаттардың үздіксіз жұмыс істеуін және сақталуын қамтамасыз ете алды. Алайда, 2020 жылы Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде өндірістік объектілердегі кейбір операциялық қызмет төрт айлық кезеңге тоқтатылды, бұл геологиялық барлау және тау-кен дайындық жұмыстарына әсер етіп, жаңа технологиялық блоктарды пайдалануға беру кестесінің өзгеруіне әкелді. Бұл жағдай 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында болжамды көлемдермен салыстырғанда дайын өнім өндіру көлемінің төмендеуіне әсер етті. Технологиялық блоктарды дайындаудағы кідірістерден басқа, COVID-19 бүкіл өндірістік жеткізілім тізбегіне де әсерін тигізіп, кейбір материалдардың, соның ішінде құбыр өнімдерінің, сондай-ақ кейбір реагенттердің жетіспеуін туындатты, мұның өзі бірінші жартыжылдықтағы өндірістік нәтижелерге теріс ықпалын тигізді. Осы қиындықтарға қарамастан, Топ уран өндіру жөніндегі 2021 жылға арналған жоспарды сақтайды және оны орындау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, алайда жеткізу тізбегінде және екінші жартыжылдықтағы тау-кен-дайындық жұмыстарының кестесінде қиындықтар сақталған жағдайда, өндірістің жыл соңындағы қорытынды көлемі нысаналы деңгейге сәйкес келмеуі мүмкін.

Компания операциялық көрсеткіштер мен ішкі өзгерістер бөлігінде тек қана өз бақылауындағы болжамдарды (жылдық мәнде) жаңартуға ниетті екеніне назар аударыңыз. Айырбастау бағамдары және уранның бағасы сияқты сыртқы көрсеткіштер үшін пайдаланылатын негізгі жорамалдар Компанияның бюджетін қалыптастыру кезінде бөгде көздердің деректері негізінде белгіленеді; мұндай жорамалдар ерекше жағдайларда ғана жаңартылады.

Компания әлі де қорлардың (қоймалардағы қалдықтардың) мақсатты деңгейін сақтауға тырысады, ол Компанияның шамамен алты-жеті айлық қатысу үлесіне барабар өндіріс көлеміне сәйкес келеді. Алайда, 2021 және 2022 жылдардағы қорлар (қоймалардағы қалдықтар) COVID-19 пандемиясы кезінде өндірістік жоғалтуларға байланысты осы деңгейден төмен болуы мүмкін. Компания екінші тоқсанда спот нарығында уран сатып алу бойынша бірқатар мәмілелер жасады және сату бойынша өз міндеттемелерін қамтамасыз ету және мақсатты диапазон шегінде қорлар (қоймалардағы қалдықтар) деңгейін сақтау мақсатында Компания 2021 жылдың екінші жартыжылдығында да спот нарығында уранның қосымша көлемін сатып алуы мүмкін.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелер –конференц - қоңырауы туралы хабарлама

Қазатомөнеркәсіп 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялық және қаржылық нәтижелерді талқылау үшін бүгін, 2021 жылдың 26 тамызында конференц-қоңырау өткізуді жоспарлап отыр. Басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 17:00-де / BST уақыты бойынша 12:00-де/ EST уақыты бойынша 07:00-де. Компания басшылығының баяндамасынан кейін инвесторлармен ағылшын тілінде «сұрақ-жауап» сессиясы өтеді.

Ағылшын тілінде тікелей трансляцияға (вебкаст) қосылу үшін (вебкаст қатысушылары конференц-қоңырау кезінде өз сұрақтарын қоя алады), қоңырау соғунөмірлерінің егжей-тегжейін білу үшін, сондай-ақ «сұрақ-жауап» сессиясына қатысуға арналған нұсқаулықтарды алу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

https://www.lsegissuerservices.com/spark/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/60374fce-8f3b-4615-be0f-105a2e5fe35e

Орыс тіліндегі тікелей трансляцияға (вебкаст) қосылу (тек тыңдау режимінде, сұрақтар қою мүмкіндігінсіз) және тиісті қоңырау нөмірлерінің мәліметтерін алу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

https://www.lsegissuerservices.com/spark/JSCNationalAtomicCoKazatomprom/events/2c98a3b7-47f7-42ae-8b88-86b45f655b87

Конференц-қоңыраудың (вебкаст) жазып алынған нұсқасы трансляция аяқталғаннан кейін көп ұзамай сілтеме бойынша www.kazatomprom.kz интернет-ресурсында қолжетімді болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80 Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұрақтары бойынша:

Торғын Мукаева, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 63 Email: pratkazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп – Компанияның қатысу үлесіне барабар, 2020 жылы уранның жиынтық әлемдік бастапқы өндірісінің шамамен 23%-ы мөлшерінде табиғи уран өндірген әлемдегі ең ірі уран өндіруші. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, табиғи уран өндіруде жер асты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының Ұлттық атом компаниясы саналады және Топтың негізгі клиенттері – атом өндіруші қуат операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарық – Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран мен уран өнімдерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ спот нарығында тікелей Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бас кеңсе немесе Швейцариядағы Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы сатады.

Толық ақпарат біздің интернет-ресурсымызда: http://www.kazatomprom.kz.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.