Омбудсмен

Орталық ӨК ЖШС Омбудсмен туралы Ереже

Омбудсменнің құзыреті шеңберіндегі оның міндеттері болып табылатындар:

-        Серіктестіктің лауазымды тұлғаларының және жұмыскерлерінің іскерлік этика кодексін сақтауын және қажет болған жағдайда оның ережелерін түсіндіруді қамтамасыз ету; 
-        лауазымды тұлғаларға, жұмыскерлерге және жалпы Серіктестікке түйткілді әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге қолдау көрсету;
-        жұмыскерлерге, еңбек даулары мен жанжалдарға қатысушыларға кеңес беру және қажет болған жағдайда заңнаманы сақтауды қоса алғанда, құпиялылықты ескере отырып, өзара тиімді, сындарлы және іске асырылатын шешімді әзірлеуге жәрдемдесу;
-        Серіктестіктің жұмыскерлері арасындағы ұжымдық дауларды, еңбек дауларын,  Серіктестіктің атқарушы органы мен жұмыскерлері арасындағы жеке еңбек дауларын шешуге қатысу;
-        Серіктестік жұмыскерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

«ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС Омбудсмені – Сыздық Ахад Сағындықұлы

Электронды почта: sizdik-aatdportalyk.kazatomprom.kz

Мобилді телефон: +7 701 575-30-30

 (барлық өтініштер құпия түрде сақталады)