Қазатомөнеркәсіп басшылығы Әзірбайжан Республикасында болды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов бастаған қазақстандық делегация Әзірбайжан Республикасына барып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған сапар барысында Әзірбайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбовпен, Әзірбайжанның цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиевпен, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ Төрағасының орынбасары Игбал Гусейновпен, сондай-ақ «ТРАСЕКА» ХПК Бас хатшысы Әсет Асавбаевпен кездесулер өткізілді.

Кездесуге қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырып, Әзірбайжан аумағы арқылы қазақстандық уран өнімінің транзитіне байланысты мәселелерді талқылады. Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың оң тәжірибесіне ие. 2018 жылдан бері Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) Қазатомөнеркәсіп өз клиенттеріне дайын өнімді жеткізудің балама жолы ретінде табысты пайдаланып келеді. Компанияның 3500 тоннаға дейін уран көлемінде жүк транзитіне рұқсаты бар. Қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп жүк тасымалдау үшін квотаны ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырып, ТХКБ транзиттік әлеуетін толық пайдалануды жоспарлап отыр.

Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға және екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты мәселелер бойынша

Ерлан Мағзұмов, IR департаментінің директоры

Кори Кос (Cory Kos), IR департаментінің халықаралық кеңесшісі

Тел: +7 7172 45 81 80 / 69

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары бойынша

Сабина Кумурбекова, GR және PR департаментінің директоры

Ғажайып Күмісбек, GR және PR департаментінің бас сарапшысы

Тел: +7 7172 45 80 22

Email: pratkazatomprom.kz

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп 2021 жылы әлемдік бастапқы уран өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 24% - ы мөлшерінде компанияның қатысу үлесіне барабар табиғи уран өндіретін әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылады. Топтың саладағы ең ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдармен бірге 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 26 кен орнын игеруде. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уран өндіру кезінде денсаулық сақтауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды бақылаудың озық практикалары мен құралдарына (ISO 45001 және ISO 14001 сертификатталған) ерекше назар аудара отырып, жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында, Astana International Exchange биржасында және Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы болып табылады және топтың негізгі клиенттері - атом өндіруші қуаттардың операторлары, ал өнімдер үшін негізгі экспорттық нарықтар - Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар бойынша, сондай-ақ споттық нарықта тікелей Астана қаласында орналасқан корпоративтік орталығынан немесе Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы Тrading House KazakAtom (THK) арқылы жүзеге асырады.

Толығырақ ақпарат интернет-ресурсымызда: http://www.kazatomprom.kz

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерді қоспағанда, барлық мәлімдемелер болашаққа қатысты мәлімдеме болып табылады. Болашаққа қатысты мәлімдемелер компанияның қаржылық жай-күйіне, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, болашақ нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелер басқалармен бірге «нысаналы көрсеткіш», «санау», «күту», «мақсат», «ниеттену», «мүмкін», «болжай білу», «есептеу», «жоспар», «болжау», «болады», «болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «болуы мүмкін» сияқты сөздер мен айналымдарды, сондай-ақ ұқсас мағынадағы басқа да сөздер мен ұғымдарды немесе мәлімдеме мәтініне дейін, мәтінінен кейін немесе мәтінінің ішінде тұруы мүмкін олардың теріс пішіндерін қамтуы ықтимал.

Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияға тәуелді емес белгілі және белгісіз тәуекелдерді, белгісіздіктерді және басқа да маңызды факторларды қамтиды, олар компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктері болашақта қатысты осындай мәлімдемелермен көрсетілген немесе болжанатын күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден айтарлықтай ерекшеленетін болады. Болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелер компанияның қазіргі және болашақ бизнес-стратегиясына және болашақта жұмыс істейтін шарттарға қатысты көптеген болжамдарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТА ҚАМТЫЛҒАН БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ БОЛАШАҚ ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ ЖӘНЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛІ БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАРҒА ҰШЫРАЙДЫ, ОЛАРДЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ СЕНІМДІЛІКПЕН БОЛЖАНА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ КОМПАНИЯНЫҢ БАҚЫЛАУЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛАДЫ. БОЛЖАМДАР ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БОЛА АЛМАЙДЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯНЫҢ ЕШҚАЙСЫСЫ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЛАРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА АТАЛҒАН ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ НЕМЕСЕ ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта қамтылған ақпарат, басқаларымен қатар болашаққа қатысты мәлімдемелерді қоса алғанда, осы құжаттың күнінде ғана қолданылады және болашақ нәтижелерге қатысты қандай да бір кепілдіктер беруге арналмаған. Компания қаржылық деректерді немесе болжамды мәлімдемелерді қоса алғанда, осындай ақпараттың жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату жөніндегі қандай да бір міндеттемелерден бас тартады және ол компанияның күтулеріндегі өзгерістер, болашаққа қатысты осындай мәлімдемелер негізделген оқиғалар, шарттар немесе мән-жайлар нәтижесінде немесе осы құжаттың күнінен кейін туындайтын басқа да оқиғалар немесе мән-жайлар нәтижесінде туындайтын ақпаратқа енгізілуі мүмкін қандай да бір өзгерістерді көпшілік алдына шығармайды.